» » Алматыда әкесі таспен ұрып тал түбіне тастап кеткен бала өздігінен отыра бастады

Алматыда әкесі таспен ұрып тал түбіне тастап кеткен бала өздігінен отыра бастады

ÐлмаÑÑда ÓкеÑÑ ÑаÑпен Ò±ÑÑп Ñал ÑүбÑне ÑаÑÑап кеÑкен бала өздÑгÑнен оÑÑÑа баÑÑадÑ

Алматының Шығыс айналма жолынан бас жарақатымен табылған бес жасар Мұхаммед Асқароғлының жағдайы айтарлықтай жақсарды. Әкесі басынан таспен ұрып, өлтіре жаздаған бала қазірдің өзінде өздігінен отырып, аяқтарын қозғалта бастады. Бұл туралы Tengrinews.kzхабарлады, деп жазады Stan.kz.

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күні бала әрі қарай оңалтудан өту үшін басқа ауруханаға ауыстырылды.
«Бүгінгі күні баланың жағдайы қанағаттандырарлық деп бағаланды. 9 тамызда бала ары қарай тегін оңалтудан өту үшін қалалық №2 балалар ауруханасына ауыстырылды»,-деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бес жасар бүлдіршін 2018 жылдың 16 шілдесінде балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына өте ауыр жағдаймен түскен болатын. Ауыр жарақат алған бала ауруханаға түскен кезде дәрігерлер оған ота жасап, бас сүйегінің зақымдалған самай бөлігін кесіп алып тастады. Бұл баланың миының қызметі дұрыс жүруі үшін жасалған.
Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен. Алайда, кейін баланы туған әкесінің таспен ұрып, есінен тандырғаны белгілі болды. Сот отырысында туған ұлын соққыға жыққанын мойындаған әке істеген ісіне өкінетінін айтып, сотта жылап жіберген.


Stan.kz

10 тамыз 2018 ж. 1 045 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930