» » Астанада үш жасар бала менингитке шалдыққан деген күдікпен ауруханаға жеткізілді

Астанада үш жасар бала менингитке шалдыққан деген күдікпен ауруханаға жеткізілді


Астанада үш жасар бала менингокок инфекциясын жұқтырған деген күдікпен қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, үш жарым жасар бала ауруханаға 29 мамырда сағат 13:12-де түскен.
«Менингокок  инфекциясының жалпыланған түрі, менингит және менингококкемия бойынша алдын ала диагноз жасалды. Қазіргі уақытта зертханалық тексеру және ем жүргізіліп жатыр. Соңғы диагноз бактериологиялық және серологиялық зерттеулер аяқталғаннан кейін жасалады»,- деп хабарлады дәрігерлер.
Дәрігерлер қазіргі кезде баланың жағдайы айтарлықтай ауыр екенін атап өтті.
Басқармада айтылғандай, тұтастай алғанда қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты, балалар арасында меногококк инфекциясының аурулары жоқ. Сонымен қатар, эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар жүзеге асырылауда.



http://stan.kz
30 мамыр 2018 ж. 817 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 194

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031