Месси алғаш рет Роналдуға дауыс берді
ФИФА «Жылдың үздік ойыншысын» таңдау кезінде берілген дауыс берудің нәтижелерін жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Жылдың үздік ойыншысы» жүлдесі «Реал» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы ЛуЛука Модричке берілді. Ең үздік футболшыны таңдау үшін дауыс беруге ұлттық командалардың капитаны мен бас жаттықтырушылары қатысты.Ал танымал футболшы, Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бұл тізімде екінші тұр. Ол дауыс беру кезінде бірінші орынға Рафаэль Варанды, екіншіге Лука Модричті, ал үшінші орынға Антуан Гризманнды қойды. Осы аталған футболшыларды үздік санаған Криштиану Роналду Лионель Мессиге мүлде дауыс бермеген.
Бірақ, Месси Роналдуға дауыс берген. Ол бірінші орынға Модричті, екіншіге – Килиана Мбаппаны, үшінші орынға Роналдуді қойды. Осылайша, Месси алғаш рет Роналдуға дауыс беріп, «Реал» ойыншысын өзінің үштігіне қосты.
Stan.kz
Пікір 2