» » Литва президентін әйел адам қорғайтынын білеміз ба?

Литва президентін әйел адам қорғайтынын білеміз ба?

ФоÑо: bigpicture.ru

Президент қорғаушысы дегенде көпшілік денелі ер азаматтарды елестететіні сөзсіз. Алайда, литвалық елбасы бұл тұрғыда ерекшелене түскен. Ол өзін қорғауды 31 жастағы Симона Даумантене есімді аруға сеніп тапсырған деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әдетте президенттер өз қорғаушысы ретінде алып ер адамдарды алып жатады. Бірақ, соңғы кездері кейбір ел басшылары жеке күзетіне әйелдерді де алуды бастаған. Олардың бірі Литва президенті Даля Грибаускайте. Ол өз қауіпсіздігін 31 жастағы келіншекке сеніп тапсырған.

ФоÑо: bigpicture.ru

Көпшілік мінсіз мүсінді арудың оққағар қызметін атқаратынына таңғалуда. Көптеген шетелдік басылымдар бойжеткеннің өмірі жайлы білгісі келген. Олардың біріне сұхбат берген ару өз қызметі жайлы мүлде тіс жармаған. Тәртіп сондай. Қорғаушылар өз жұмыстары жөнінде ақпарат бермейді.

ФоÑо: bigpicture.ru

Алайда, өзінің бұл қызметке келмей тұрғандағы өмірі жайлы ол жасырмай айтып берді.

ФоÑо: bigpicture.ru

Кіші кезінен спортқа әуес Симона уақты өте келе велошабандоз болуды таңдаған. Спорттың бұл түрінен үлкен жетістіктерге жете алған ол кейіннен тіпті бапкерлікпен де айналысқан.

ФоÑо: bigpicture.ru

Аса маңызды қызметке келуге Симонаға кездейсоқ жүгінген адам көмектескен. Ол талпыныс мол спортшы қыздан білікті оққағар шығатынына кәміл сенген.

ФоÑо: bigpicture.ru

Уақыт өте келе бойжеткен барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, сенімді ақтаған. Бүгінде ол елінің басты адамын қорғап жүр.

ФоÑо: bigpicture.ru

ФоÑо: bigpicture.ru



https://kaz.nur.kz
04 қазан 2018 ж. 664 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031