Науқас бала дәрігерден қонжығына ота жасауды өтінді және дәрігер оған келісті
Канадалық хирург анестезиясыз, еш қиындықсыз пүліштен жасалған қонжыққа ота жасады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Канадалық дәрігер Даниель Макнили бұрын-соңды ойыншық қонжыққа ота жасап көрмесе де, пүліштен жасалған аюдың иесі науқас болғандықтан, кішкентай баланың өтінішінен бас тарта алмады.8 жастағы Джексон Макки операция бөлмесіне бара жатып, хирургтан өзінің кішкентай қонжығын да жөндеп беруін өтінді.
Дәрігеріне ерекше өтініш жасаған Джексон туғанынан гидроцефалиядан, яғни ми жұлын сұйықтығының жинақталуынан зардап шегеді. Ал, дәрігер Макнили оның алғашқы нейрохирургтерінің бірі.
«Мен оның өтінішінен қалай бас тартамын» – деп жазды дәрігер Twitter-дегі парақшасында қонжыққа ота жасап тұрған суретін салып.
Науқас баланың өтінішінен бас тарта алмаған дәрігер Twitter-ге оның қонжығына ота жасап тұрған кездегі суретін жариялады. Жүрегі жұмсақ дәрігердің суреті көп қаралым жинап, шамамен жеті мың оқырманның парақшасында жариялаған.
Баланың өтінішін жерге тастамаған дәрігер қонжықтың қолтығының жыртылғанын анықтап, ота кезінде оған «оттегі маскасын» кигізіп қойды.
Stan.kz
Пікір 1