» » Биік өкшелі аяқ киімсіз ұзын көрінудің жолы табылды

Биік өкшелі аяқ киімсіз ұзын көрінудің жолы табылды

ÐиÑк өкÑÐµÐ»Ñ Ð°ÑÒ ÐºÐ¸ÑмÑÑз-Ð°Ò Ò±Ð·Ñн көÑÑнÑдÑÒ£ Ð¶Ð¾Ð»Ñ ÑабÑлдÑ

Сән сарапшылары биік өкшелі аяқ киімсіз-ақ ұзын көрінуге мүмкіндік беретін бірнеше әдісті атады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сарапшылар ұзын көріну үшін бірінші кезекте тік сызықты шалбар немесе комбинезон сатып алуға кеңес береді. Дегенмен, мұндай сызығы бар шалбарлар тек тобықты жауып тұрған кезде ғана аяқты ұзын қылып көрсетеді.
Екіншіден, биік өкшелі аяқ киімнің орнына жалпақ табанды өткір тұмсықты туфли кисе де, аяқ айтарлықтай ұзын көрінеді. Өткен жазда танымал болған мюли де осындай әсерге ие. Бұл аяқ киімнің артықшылығы ашық өкшенің арқасында аяқ көзге ұзын болып көрінеді. Оларды ақшыл түсті аяқ киіммен де ауыстыруға болады.
Сондай-ақ, белден жоғары тұратын киімдерге де артықшылық беру керек. Мысалы, бойын ұзын көрсеткісі келген қыздарға қарындаш пішінді белдемше немесе мықынды жауып тұратын джинсы кию ұсынылады.
Соңғысы тізеден жоғары тұратын аяқ киім. Бұл аяқ киімді белдемшемен (юбка) немесе көйлекпен киюге кеңес беріледі. Себебі, оның ұзындығы ол киімдердің шеттерін жауып тұрады.


Stan.kz



18 қазан 2018 ж. 1 212 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930