БАӘ-де әлемдегі ең ұзын аспалы жол ашылды
БАӘ-дегі Рас-Аль-Хейма әмірлігінде кеше, 1 ақпанда әлемдегі ең ұзын аспалы жол ашылды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Джебель Джайс тауларында орналасқан ұзындығы 2,83 шақырымға созылып жатқан жаңа жол қазірдің өзінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Екі желіден тұратын аспалы жол шамамен күніне 200 немесе жылына 100 мың адамға қызмет етеді деп күтілуде.
Бір жолғы сапардың құны 650 дирхам (178 доллар). Жолға кететін уақыт небәрі екі не үш минут қана. Ең жоғары салмақ 150 кг, ал ең кемі – 45 кг болуы тиіс. Атап өтер болсақ, бұдан бұрынғы рекорд Пуэрто-Рикоға (2,2 км) тиесілі еді.