Шыңғыс хан туралы сіз білмейтін тоғыз дерек
Жыл сайын 8 қараша күні Монғолияда ұлттық мейрам - Шыңғыс ханның туған күні атап өтіледі. Ұлы қолбасшыны білмейтін адам жоқ, алайда ұлы көсемнің сіз білмейтін сырлары да жоқ емес. Бұл туралы Kaktakto.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
1) Шыңғыс хан ұлы көсемнің шынайы есімі емес
Ұлы қолбасшы туылған кезде оны Темүжін деп атаған. Ол "темірші, темір" мағынасын білдіреді. Алайда 1206 жылы ол өзін "Шыңғыс хан" деп атаған. Хан сөзі "әмірші" мағынасын береді, ал "Шыңғыс" сөзінің мағынасын ғалымдар әлі талқылап, ортақ шешімге келе алмай жүр. Бірақ олардың басым бөлігі бұл қытайдың "Чжэн", яғни әділ сөзінен шыққан дегенмен келіседі.
2) Туылғанда жұдырығында бір уыс қан болған
Шыңғысқан туылған кезде жұдырығында бір уыс қан болған деген аңыз бар. Бұл оның келешекте ұлы қолбасшы болатынын көрсететін белгі болған. Шыңғыс ханның туған жылы әлі күнге дейін нақты белгісіз. Ғалымдар ол 1155, 1162 және 1167 жылдары туған деп таласуда.
3) Бала кезінде ол бауырын өлтірген
Күйеуінің өлімінен кейін Шыңғыс ханның анасын жеті баласымен бірге тайпаларынан қуып жіберген. Ол балаларын жалғыз тәрбиелеген. Туған бауыры Бектерді Шыңғысқан тамағымен бөліскісі келмегендіктен өлтірген.
4) Шыңғыс ханның түрі қандай болғанын нақты ешкім білмейді
Ұлы көсемнің түр-әлпетін әртүрлі суреттейді. Кейбір дереккөздерде ол еуропалық нәсіл сияқты көк көзді, жирен шашты, ұзын бойлы болып сипатталса, кейбір деректерде Шыңғыс хан азия ұлттарына тән мығым денелі, ат жақты, сығыр көзді болып сипатталады.
5) Шыңғыс хан сұлулық байқауларын өткізген
Жаңа жерлерді жаулап алған кезде Шыңғыс хан ер адамдардың бәрін өлтіріп, ең сұлу әйелді өзіне таңдау үшін сұлулық байқауларын өткізген. Қалған әйелдерді жауынгерлеріне таратып беріп отырыпты.
6) Ирандықтарды қырып тастаған
Хорезм империясы кезінде ірі мемлекет болған, алайда Шыңғыс ханның әскері халықтың 3/4 қырып тастаған. Ирандықтар халық санын 700 жылдан кейін әрең дегенде қалпына келтірген.
7) Тұңғышын қабылдамады
Ұлы көсем алғашқы әйелі Бөртеге үйленген кезде 16 жаста болған. Әйелі одан екі жас үлкен еді. Қалыңдықты оған әкесі таңдап берген. Әкесінен кек қайтаруды қалаған меркіт тайпасы дүниені дүр сілкіндірген қолбасшының әйелін ұрлап кетеді. Алайда, Шыңғыс хан оларды ойсырата жеңіп, әйелін қайтарып алады. Көп ұзамай тұңғышы - Жошы дүниеге келеді. Дегенмен, Шыңғыс хан оны өз балам деп қабылдамаған.
8) Монғолияға ұйғыз жазбасын әкелген
Наймандарды жеңген кезде Шыңғыс хан алғашқы іс-қағаздар ісімен танысқан. Наймандарға қызмет еткен ұйғырлардың бір бөлігі Шыңғыс ханға қызмет етіп, монғол мемлекетінің алғашқы шенеуніктері мен ұстаздарына айналған. Монғолия әлі күнге дейін ұйғыр әліппесін пайдаланады.
9) Өлімі мен жерленген жері
Шыңғысхан 1227 жылы 65 жасында көз жұмған. Оның не себепті қайтыс болғанын ғалымдар әлі зерттеу үстінде. Бір нұсқа бойынша оны тұтқынға алынған қытай ханшайым өлтірді десе, екінші бір нұсқада жаудың жебесі тиіп ол аттан құлап өлген деседі. Ұлы қолбасшының қайда жерленгені де жұмбақ күйінде қалған. Бір аңыз бойынша ол Ыстық көлдің түбіне көмілген екен.
NUR.KZ
Пікір 771