Жын-шайтан мен бас сүйектерге лық толы адам шошырлық үй туралы не білеміз?
Белоруссиядағы Ратомка ауылының тұрғыны өзіне аса ерекше үй салып, барлық көршілерінің зәресін ұшырды. Кәсіпкер жын-шайтандар бейнесі мен адам бас сүйектерін пайдалана, үлкен зәулім сарай тұрғызып алған деп жазады bigpicture.ru сайтынасілтеме жасаған NUR.KZ.
Көршілердеің мәлімдеуінше, адам шошырлық үйдің қожайыны өзін үнемі салмақты ұстайтын қарапайым адам. Алайда, оның салған үйі мен адам бас сүйегімен қапталған көліктері көпшілікті басқалай ойлауға итермелейді.
Олардың айтуынша, үйдің салынуына он жылдам астам уақыт кеткен. Алайда, белсенді түрде құрылыс тек соңғы екі жылда жүрді.
Зәулім сарайдың төбесіндегі мистикалық фильм кейіпкерлері мен қақпадан шығып тұрған қара қолдар көпшілікті шошытып бітті.
"Бастапқыда үй әдемі көрінген. Немерем тіпті оны ертегідегі зәулім сараймен салыстырды. Алайда, қақпадан қара қолдар шығып, үй қабырғасы бас сүйектермен бейзендіріліе бастағанда жағамды ұстадым. Қазір түнде ол үйдің маңынан адам баласы өтуге қорқатын болды" , - деді Ратомка ауылының тұрғыны.
Жын-шайтандар бейнесіне лық толы үйге көрші тұратындар жергілікті әкімшілікке зәулім сарай иесінің үстінен шағым түсірген.
Алайда, үй жекеменшік болған соң, олардың қолынан түк келмеген. Ауыл тұрғындары талғамы ерекше көршісінің үйіне кірмек түгіл, оның зәулім сарайының маңына жолауға да қорқып қалған.