» » Автобус жүргізушісі мүгедек жанға орын бермеген жолаушылардың бәрін көліктен шығарып жіберді

Автобус жүргізушісі мүгедек жанға орын бермеген жолаушылардың бәрін көліктен шығарып жіберді

Парижде автобус жүргізушісі арбаға таңылған мүгедекке орын бермегендіктен барлық жолаушыны көліктен шығарып жіберді. Желіде автобус жүргізушісінің әрекеті ерлік деп танылды.


Арбаға таңылған Франсуа ле Берр аялдамада автобусқа отырмақ болады. Алайда жолаушылардың ешбірі оған орын беруге ұмтылмайды. Мұны көрген жүргізуші жолаушылардан сыртқа шығуын сұрайды.
Жолаушылардың бәрі сыртқа шыққанда мүгедек жанды отырғызып, әрі қарай жүріп кетеді.
 
“Автобус жүргізушісі жолаушыларға әрі қарай автобус жүрмейді, шығыңыздар деді. Сосын маған келіп, кіріңіз сізден басқалары келесі автобусты күтеді” деді”, – дейді мүмкіндігі шектеулі жан.


Желі қолданушылары жолаушыларға сын айтып, автобус жүргізушісін мақтай жөнелді.
 
Париждік автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы 1-2 орын болады. Қажет жағдайда ол орындарды жолаушылар босатып беруі керек.
RATP компаниясы белгісіз жүргізушінің кім екенін анықтауға тапсырма берді. Компания автобус жүргізушісінің дұрыс жасағанын айтып отыр.

Stan.kz 
15 қараша 2018 ж. 1 008 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 078

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031