Автобус туралы жұмбақ Желі қолданушыларын әуреге салды
Бұл жұмбақ Желіде көптен бері кеңінен таралып келеді. Алайда, әлі де дұрыс жауабы табылмай, Желі қолданушыларын әуреге салып келеді, деп хабарлайды Рамблер.
Сонымен жұмбақ: картинадағы автобус қай бағытта кетіп барады? Оңға қарай ма, әлде солға қарай ма?
Психологтар зерттеу жүргізіп, бұл сұрақтың жауабын балалар оңай табатынын анықтады. Ересектер қауымы картинадағы ұсақ нәрселерге көңіл бөлмей, көп жағдайда қателесіп жатады екен.
Дұрыс жауабы:
Шындығына келгенде, жұмбақтың жауабы жеңіл әрі қарапайым. Картинадаға автобус сол жақ бағытта кетіп барады. Егер схемалық кескінге мұқият зер салатын болсақ, автобустың есіктері бізге көрінбей тұрғанын байқауға болады. Яғни, біз автобустың есіктері орналасқан бетіне қарсы жағын ғана көріп тұрмыз. Ал, әлемдегі көптеген елдерде жол қозғалысы екі бағытты болып келеді, сондықтан автобус сол жақ бағытта кетіп бара жатыр.
Әрине, бұл жерде автобустың Ұлыбританиядағы жолда кетіп бара жатқаны туралы жауап нұсқасы ескерілмейді.
http://reactor.inform.kz