Қырғызстанда жеткіншектің қалтасында ұялы телефон жарылып кетті
Ыстықкөл облысының Каджи-Сай ауылында 14 жастағы жасөспірімнің қалтасында ұялы телефон жарылған. Бұл туралы Sputnik-Қырғызстан-ға ілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Оқиға 24 қараша күні Ыстықкөл облысының Тон ауданының Каджи-Сай елді мекенінде болған.
Ер бала түнгі 23.45-те Тон ауданының ауруханасына жеткізілген. Баланың кеудесі, іші, аяғы және оң жақ бөксесі химиялық және термиялық күйік шалған. Дәрігерлер күйікті бірінші және екінші деңгейлі деп мәлімдеген.
Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Оған қажетті емдік шаралар жасалып жатыр.
https://kaz.nur.kz