ХІХ ғасырда туған 118 жастағы ер адам табылды
Бразилияның Итажуипи қаласында 1900 жылдары туған ер адам табылды. Егер оның 118 жаста екені дәлелденсе, ол әлемдегі ең кәрі адам ретінде тіркеледі.
Жозе Феррейра дос Сантос туу туралы куәлігіне сәйкес, 1900 жылы Барракан қаласында туған. Ол ауыл қазір Риу-Реал қаласы. Ер адам әлемдегі ең кәрі адам жапондық Канэ Танакиден екі жасқа үлкен. Бүгінде жапондық әже ең егде жастағы адам саналады.
Жозе Феррейра дос Сантос жасы келгеніне байланысты аяғымен жүріп-тұра алмайды. Ол көбіне отырады не жатады. Ол 58 жыл фермада жұмыс істеген.
1940 жылы 20 Линдаура Роше де Жезуске үйленген. Қалыңдығы өзінен 20 жас кіші болған. Жары ата-анасының рұқсатынсыз тұрмысқа шыққан.
“Анам оған қатты ашуланды”, – деп еске алады әйелі Линдаура. Ол қазір 98 жаста.
Егде жастағы ер адам жайлы блогер кездейсоқ біліп қалады. Енді құжаттарын дайындап, Гиннестің рекордтар кітабына бермек.
Stan.kz