» » Марқұм әкесіне хат жолдаған балаға пошта қызметкерінің жіберген жауабы жұртты жылатты

Марқұм әкесіне хат жолдаған балаға пошта қызметкерінің жіберген жауабы жұртты жылатты

Марқұм әкесін туған күнімен құттықтап, хат жолдаған балаға пошта қызметкерінің жіберген жауабы жұртты жылаттыШотландиялық Тери Копланд есімді әйел кішкентай ұлының қайтыс болған әкесіне туған күнімен құттықтау хатын жолдағанын айтты. Бала пошта қызметкерінен хатты аспанға жеткізуін сұраған.

«Пошташы мырза, менің хатымды көктегі әкеме жеткізе аласыз ба? Оның туған күні. Рақмет», – деп жазған Джейс хатта.
Анасы ұлының мұндай өтініші ескерусіз қалмайды деп күтпепті. Ұлы өз хатына жауап ретінде пошта қызметкері, менеджердің көмекшісі Сэм Милганнан хат алған. Ер адам мұндай маңызды хатты жеткізу кезінде қиындықтар пайда болғанын, алайда олар кедергілерге қарамастан хатты әкесіне аман-есен жеткізгенін жазған.
«Құрметті Джейс, мен сіздің хатыңызды көктегі әкеңізге жеткізе алғанымызды айтқым келеді. Жолда кездескен жұлдыздар мен галактикадағы басқа да нысандардан қашу оңай болмағанымен, хаттың сіз жіберген адамға жеткізілгеніне сенімді болыңыз», – деп жазады хатты Сэм Милган.
Марқұм әкесін туған күнімен құттықтап, хат жолдаған балаға пошта қызметкерінің жіберген жауабы жұртты жылатты
Баланың анасының сөзінше, ұлы мұндай жауапты оқып, қатты қуанған. Өз кезегінде әйел пошта қызметкерлеріне алғыс білдірді. Олар бейтаныс кішкентай баланың хатына назар аудармаса да болар еді, дейді ол.
«Пошта қызметкерлері, сіздер менің адамзатқа деген сенімімді қайтардыңыздар. Рақмет», – дейді Тери Копланд.
02 желтоқсан 2018 ж. 934 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930