Астанада қолы сынған 1 жасар баланың ата-анасы балабақша тәрбиешісін сотқа берді
Астанада қолын сындырып алған бір жасар баланың ата-анасы жекеменшік балабақшаның тәрбиешілерімен дауласуда. Баланың анасы қызметкерлердің немқұрайлығының салдарынан ұлымыз қолын сындырып алды дейді. Алайда, мекемедегілер мүлде басқа нәрсені айтуда, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.
Тәрбиеші болса, бұл жағдайға баланың ата-анасы өзі кінәлі деп отыр. Дегенмен, 1 жасар Әмірдің отбасы ұлдарына келтірген залал үшін тәрбиешіден айтарлықтай қомақты қаражат талап етуде.Бір жарым жасар Әмірдің балабақшаға бірінші сапары сәтсіз болды. Бүлдіршіннің жеке балабақшада жүріп қолын сындырып алғанын ата-анасы үйге келгенде бірақ білген. Тәрбиешілер сол күні баланың дене қызуының көтерілгенін ғана ескерткен көрінеді. Ал, баланың оң қолы аяқ-аяты ісіне бастаған кезде, ата-анасы оны ауруханаға жеткізді. Сол жерде ғана баланың иығының сынғаны белгілі болды.
«Ол түні бойы жылап, ұйықтамады. Содан жедел жәрдем шақырдық. Дәрігерлер оның қолының сынғанын айтты. Күйеуім екеуміз қатты қорқып кеттік. Бірақ, балам қолын қалайша сындырып алды деп таңқалдық. Себебі, біз баланы балабақшаға сап-сау күйінде жібердік, неліктен олар оны жарымжан еткен»,-дейді баланың анасы.
Ұлдарының балабақшада жүріп қолын сындырып алғанын естігеннен кейін, Әмірдің ата-анасы аталған мекемеден жауап алуға барды. Онда тәрбиешілер бір жасар Әмір кішкентай орындықтан құлап бара жатқанда, оның қолынан ұстап үлгергендерін айтты. Бірақ олар бұның соңы сыныққа әкелуі мүмкін деп мүлде ойлаған жоқ.
Жеке шағын балабақшы көп қабатты ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Бірақ, Әмірдің ата-анасы мекеменің қалай орналасқанына аса мән бермеген. Олар сол уақытта басқа балабақша таба алмағандарын айтты. Ал, аға тәрбиеші балабақшада ешкімнің қолы сынған жоқ деп басқаша жауап берді. Олардың сөзінше, 1 жасар бала үйінде жүріп жарақат алған, ал ата-анасы бұл жағдайды басқа мақсатта пайдаланбақшы.
«Олар менен бес миллион теңге талап етті. Олар маған бұдан оңай құтылмайсың, полицияға шағымданамыз деді. Бірақ менде мұндай ақша жоқ, менің өзім Астанада пәтер жалдап тұрамын. Сондай-ақ, баланың қолын мен сындырған жоқпын. Егер оның қолы осында сынса біз оны міндетті түрде байқайтын едік. Және ол балабақшадан қайтарда өзін қалыпты ұстады, анасы да ештеңе демей үйіне алып кетті. Бала үйінде жүріп құлап кетуі мүмкін»,-дейді Саламат есімді аға тәрбиеші.
Білім беру саласын бақылаушы департамент Астанада 177 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейтінін атты. Ал, пәтерде орналасқан шағын балабақша бұл тізімде жоқ. Яғни, олардың балабақша ашуға лицензиялары жоқ десек болады. Дегенмен, шенеуніктер дәл осындай дәлелдерсіз мұндай мекемелердің жұмысын тексеру үшін бақылауға шыға ала алмаймыз дейді. Ол үшін жәбірленушілерден жазбаша арызы немесе өтініші қажет. Сонда ғана ондай балабақшалар жабылуы немесе айыппұл салынуы мүмкін.
Ал, 1 жасар Әмірдің әкесі тәрбиешінің үстінен шағымданып, полиция арыз жазып қойған екен. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, балабақшаның аға тәрбиешісі бұл айыптауға келіспейтінін айтып, ол да қарсы арыз жазды.
Stan.kz
Пікір 2