Сәнді гүлшоғын қайтарып, ламборджиниден бас тартты: Бойжеткен қалталы жігіттің ұсынысын қабыл алмады (видео)
Қытайлық қалталы күйеу жігіттің махаббат хикаясы үлкен сәтсіздікпен аяқталды. Бүгінде сүйіктісіне тосынсый жасаған жігіттің ұсыныс жасау сәті ғаламторда пайда болып, желі қолданушыларының талқысына түсуде, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бай жігіт сүйіктісімен кездесуге мұқият дайындалып, оған сәнді сыйлықтар мен үлкен гүл шоғын және қызғылт-сары түсті ламборджини сыйламақшы болады. Сүйіктісі үшін ештеңені аямаған жас жігіт құрбысына осындай жолмен ұсыныс жасамақшы болып, достарын да шақырған. Ал қыз келгенде, ол романтикалық түрде тізерлеп тұрып, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады. Алайда, бәрі ойдағыдай болмады. Бойжеткен сыйлықтарды қабылдаудан бас тартып, Lamborghini-ге де қарамай, раушан гүлін жігіттің өзіне қайтарып берді.Жігіттің осылай дайындалғанына қарағанда, ол таңдаулысы ұсынысын қуана қабыл алады деп ойлаған сияқты. Себебі, сүйіктісінің ұсыныстан бас тартып, артына қарамай кеткенін көрген жігіт ашудан өзін ұстай алмады. Оның ызаланғаны соншалық, жас жігіт сол сәтті видеоға түсіріп тұрған достарының біріне гүл шоғын лақтырып жіберіп, қолына түскен барлық нәрселерді сындырып, қирата бастады.
Stan.kz