Мен жалғыз емеспін: Әйел өзінің ішінде 9 тұлға қатар өмір сүріп жатқанын айтты
АҚШ тұрғыны Джейн Харт сирек кездесетін психикалық дертке шалдыққан. Алайда ол жалғыз өзі 2 баласын бағып-қағып отыр. Айтуынша, өзінің дерті балаларының жанында болуына кедергі емес.
Бұл туралы Inside Edition басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.28 жастағы ана тұлғаның диссоциативтік дертіне шалдыққан. Ол өзінің ішінде әр түрлі жастағы 9 адамның өмір сүріп жатқанынайтады. Джейннің балалық шағы қиын болған екен. Ол үнемі қорқынышпен өмір сүрген. Осының бәрі артта қалды деп ойлаған әйел тұрмысқа шығып, 2 баланың анасы атанып, жанын жегідей жеген естеліктерден арылу үшін отбасымен бірге Аляскаға көшіп кетеді. Алайда ол дауыстарды еститінін түсінбейінше психикалық дертке шалдыққанын білмеген екен.
Джейннің айтуынша, түрлі дауыстар оның тыныш өмір сүруіне мүмкіндік бермепті. Салдарынан күйеуі шыдай алмай, ажырасып тыныпты. Джейн үшін бұл соңғы тамшы іспетті болып, жағдайына бей-жай қарай алмай, дәрігерлердің көмегіне жүгінеді.
Кейіннен ол балаларымен бірге туған қаласына қайтып оралып, ем-дом қабылдайды.
Ем кезінде дәрігерлер Джейннің ішіндегі тұлғаларды анықтауға көмектесті. Оның бойындағы 6 жасар Джейни ғана балалық шақта сұмдық жайттар туралы білмейді екен. 10 жасар Бет пен 11 жастағы Джейден оны өткен өмірдегі қорқынышты естеліктерден қорғайтын көрінеді. Олардан бөлек, әйелдің бойында өзіне сенімді 17 жастағы Алексис, 28 жастағы лесби қыз Мэдисон бар. Ол өзінен кіші қыздардың бәріне қамқор екен.
«Мен Джейниді жаман адамдардан қорғаймын. Кітап оқып беріп, басқаларына көмектесемін…», – дейді оның ішіндегі Бэт.
Джейн бойында 9 адамның қатар өмір сүріп жатқаны қорқынышты емес дейді. Ол қарапайым өмір сүріп, 2 баласын ел қатарлы бағып-қағуда.
Stan.kz
Пікір 2