» » Әйел 40 жылғы өмірін ұмытып, 1980 жылғы өміріне оралды

Әйел 40 жылғы өмірін ұмытып, 1980 жылғы өміріне оралды

Ким Харрис Деникола есімді америкалық әйел есінен айырылып, 40 жыл бұрынғы өмірін ұмытып қалды.



Ол Американың Батон-Руж қаласының тұрғыны. 56 жастағы Ким Харрис библиялық үйірмеге қатысқан соң осындай күйге түскен. Ол ауруханаға жеткізіліп, кейін отбасы мүшелерін танымай қалды.

“Медбике маған қазір қай жыл деп сұрады. Мен 1980 жыл деп жауап бердім”, – дейді әйел.

Деникола өзін 18 жастамын деп ойлаған. Соңғы рет мектепте емтихан тапсырғанын біледі.

“Мен дәретханаға барып, айнаға қарағанда есімнен тана бастадым. Айнадан 18 жастағы өзімді емес, үлкен әйелді көрдім”, – дейді ол.

Дәрігерлер науқастың ауруы транзиторлы ғаламдық амнезия әсерінен болуы мүмкін дейді. Әйел ешқашан Дональд Трамп пен Барак Обама жайлы естімегенін айтты. Ол компьютерін теледидар деп ойлады. Ал, мобильді телефонды алғаш рет көріп тұрғандай болды.

“Мен көрген теледидар еденде тұратын. Оны косу үшін жанына барып, батырмасын басатынбыз. Қазір қабырғада ілініп тұрады. Өте жұқа, әрі жіңішке. Жарнамалар көбейіп кеткен”, – дейді науқас.

Stan.kz
30 қаңтар 2019 ж. 617 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031