» » "Сені ертең жейміз" Қытайлық медбикенің науқасқа жазған хаты жұртты шошытты

"Сені ертең жейміз" Қытайлық медбикенің науқасқа жазған хаты жұртты шошытты



Қытайдағы клиникалардың бірінде медбикенің науқасқа қалдырған ескерту хаты Reddit порталының қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлады РИА Новости. 

Хат Қытай тілін түсінбейтін шетелдік науқасқа жазылыпты. Аурухана қызметкері тапқырлық жасауға мәжбүр болған: ол сурет арқылы кешкі оннан кейін ішіп-жеуге болмайтынын, себебі келесі күні 08.00-де операция жасалуы керек екенін түсіндірген. 
Дегенмен медбикенің не айтпақ болғаны жұрттың бәріне бірдей түсінікті болмай шықты.
"Біреу ас-сусыз қалып, белгілі бір уақыт ішінде бұл азаптың бәрінен құтылғысы келетінін айтқан секілді көрінеді", — деп жазды Reddit қолданушылары.
"Тамақ пен су таусылды, сондықтан біз сені ертең сегізде жейміз", — деп кекетті тағы бір пайдаланушы.

sputniknews.kz

01 ақпан 2019 ж. 588 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031