Ас-судың бәрін балаларға берген: Таиландта үңгірде қамалып қалған бапкердің оқиғасы жұртты жылатты (фото)
Таиландтық 12 бала мен футбол бойынша бапкердің тағдыры 2 аптадан аса уақыт бойы көпшілікті алаңдатты. Олар үңгірде ас-сусыз, медициналық көмексіз қалып қалған еді. Өз кезегінде үңгірде қамалып қалған кезде балаларға медитацияны үйретіп, құтқарып қалған бапкердің әрекеті жұртты тәнті етті.
Футбол бапкері Экалоп Чантавонг – 25 жаста. Бүгінде ол бүкіл әлем үшін қаһарманға айналды. Ол 2 аптадан аса уақыт үңгірде қалып қалған балаларға соңғы тамақ пен суды беріп, оларды аман алып қалу үшін барын салған, деп жазады Вigpicture басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Эколоп Мьянма жерінде туылған. Ол 12 жасында індет салдарынан ата-анасынан айырылған. Сол кезде көптеген ауыл тұрғыны көз жұмғанымен, Эколоп аман қалған. Мұнан кейін оны әжесі өзіне алып кетіпті. Бірақ көбіне тәтесі тәрбиелеп өсірген. Құтқарушылар бапкер мен балаларды үңгірден тауып алғанда, оларда туыстарына хат жолдау мүмкіндігі пайда болған. Сол уақытта Эколоп өзінің тәтесі мен әжесі хат жазыпты.
«Менің тәтем мен әжеме. Мен аман-есенмін. Мен үшін қатты аалңдамаңыздар. Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар. Тәте, өтінемін, әжеме мен келгенде көкөніс сусыны мен доңыздан тағам әзірлеп беруін айтыңызшы. Мен келіп, бәрін жеймін. Бәріңізді жақсы көремін», – деп жазған ол хатта.
Ол бастапқыда тамақ пен су қорын бірдей етіп бөліп қойған. Осылайша ас-суды барынша ұзақ уақытқа жеткізуге тырысыпты. Бапкердің өзі көп тамақ жемей, бәрін балаларға берген. Сондықтан құтқарушылар жоғалып кеткен топты тапқанда, Экалоп олардың ішіндегі ең қатты әлсіреп қалғаны болған.Бұл туралы БАҚ-тарда көп хабарланған жоқ, алайда балалар мен бапкер үңгірде қамалып қалғанын түсінгенде, 25 жастағы Экалоп барлығын барынша дұрыс жасауға тырысқан.
Өз кезегінде Экалоп балаларға медитацияны үйретіпті. Ол бұл шеберлікті Будда монастырінде үйреніпті. Бапкер ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, біраз уақыт монахтармен бірге өмір сүрген. Тіпті өзі де дін қызметкері болуды ойлапты. Алайда мұнан кейін тәтесі келіп, әжесіне күтім көрсететін адам керектігін айтқан. Сол кезде Экалоп өзінің Буддадан гөрі, отбасына қажет екенін түсініп, монастырьден кеткен.
Алайда Экалоп мұнан кейін де медитация жасауды тастамаған. Сондықтан үңгірде қамалып қалғанда да балаларға медитация негіздерін үйретіпті. Осылайша ол балаларды қорқыныштан арылтып, күш-қуатын сақтауға жағдай жасаған.
Ал жоғалып кеткен топты 9-ыншы күні тауып алғанда, құтқарушылар қатты таңданыпты. Себебі таста отырған жасөспірімдер тыныш қана медитация жасап отырыпты. Құдды үңгірде уақыт тоқтап қалғандай болған.
Бәлкім, дәл осы медитацияның арқасында барлық 12 бала аман қалып, ата-анасы мен туыстарына оралған болар. Оның үстіне әр баланы үңгірден алып шыққан кезде, олар 4 шақырым аралықты жүзіп өтуі керек болыпты. Абырой болғанда, балалардың барлығы үңгірдің қуыстарынан аман шыққан.
Өз кезегінде бапкер соңғы болып құтқарылған. Ал бүгінде жас бапкердің оқиғасы танымалдық алып келеді.
Тіпті тайлық суретшілердің бірі Экалоптың лотос қалпында қолына 12 марғауды ұстап отырған суретін салған.
Stan.kz