» » АДАМ 7 ЖЫЛ САЙЫН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

АДАМ 7 ЖЫЛ САЙЫН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?



Нумерология, астрология мен психология салалары қазіргі күні жақсы дамып келе жатқаны бәрімізге мәлім. Осы үш ғылым бірігіп, адам өмірінің кезеңдерін зерттейді. Бұл зерттеудің пайымдауынша, адам жеті жылдық кезеңмен өмір сүреді. Әрқайсысынан өтер кезде физикалық, интеллектуалды не эмоционалды кризиске ұшырауы мүмкін. Бұл бір кезеңнен екіншісіне өтудің «көпірі» саналады. Ол қандай кезеңдер?

✅  0-7 жас

Бала әлемді танып, анасымен тығыз байланыста болады. Кезеңнің соңы ана "қанатының" астынан шығып, жаңа, үлкен әлемді тануға аттанумен аяқталады.

✅  7-14 жас

Өзінің дара тұлға екенін танып, әлемнің белгілі бір «бағытын» тануға ұмтылады.

✅  14-21 жас

Жасөспірімдерге тән бүлікшілік, менмендік пен тұлғалық қасиеттеріне деген сыйластықты талап ету кезеңі. Әлем мен айналасындағы адамдардың өзінің ыңғайына қарай өзгеруін талап ете бастайды. Үйренген нәрселерді өзгерткісі келеді.

✅  21-28 жас

Тұрақталу кезеңі. Қоғамға «қайта оралып», құндылықтарын түсініп, бағалай бастайды. Бұрынғы ұрпақтан озуға тырысады. Өз отбасын құрып, жақсы жұмыс табуға ұмтылады.

✅ 28-35 жас

Жанұясына қамқор болып, қолынан келетініннің бәрін жасауға тырысады. Алдынғы жеті жылдың кезеңдерінен сәтті өткен болса, отбасы мен мансап мәселелерін шешу оңай келеді. Егер сәтсіз өтсе, жұмысынан кетіп, күйзеліске ұшырап, отбасымен араздасуы мүмкін.

✅ 35-42 жас

Отбасына, адамдарға, өмірге деген көзқарасын өзгерте бастайды. Мысалы, жұмысты қызығына қарай емес, пайдасы мен алатын уақытына қарай бағалай бастайды. Кез келген істі басынан бастап, тәжірибенің көмегімен жақсы нәтижеге жетуге ұмтылады.

✅ 42-49 жас

Отбасына, қоғамға риза екенін түсіне бастайды. Қателіктерін түзеудің арқасында осыған дейін түсінбеген нәрселерді таниды. Дәл осы кезеңде «не үшін өмірге келдім?» деген сұрақ мазалай бастауы мүмкін.

✅ 49-56 жас

Рухани төңкеріс кезеңі. Сұрақтарға жауап пен рухани бағыт іздей бастайды.

Әр жеті жыл сайын адам даму эволюциясының сатысына көтеріліп, мәселелердің шешімі мен өзін мазалаған сұрақтарына жауап табады.




http://reactor.inform.kz
13 ақпан 2019 ж. 643 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930