НЕЛІКТЕН ШАЙДЫ ЕКІ РЕТ ҚАЙНАТУҒА БОЛМАЙДЫ?
Кейде «шай ішейік» деп су қайнатып, кенеттен бір шаруа табылып, қолымыз тимей қалады. Босаған соң отты қайта жағып, қайнатамыз. Алайда бұл әдет денсаулыққа зиян. Неліктен?
Қайнаған соң су құрамы өзгереді. Зиянды заттар буланып, ұшып кетеді. Дегенмен, егер су тым ұзақ немесе екі рет қайнатылса, құрамындағы химиялық қоспалар өзгеріп, қауіпті заттектер буланудың орнына, жинала бастайды.
Күшән (мышьяк)
Денсаулық сақтау бойынша әлем ұйымының пайымдауынша, ауыз суының құрамындағы күшән халық денсаулығына зиян. Ол ағзада жиналып, ішек-қарын жолы, перифериялық невропатия, жүрек қан тамырлары ауруларын қоздырып, бүйрек қызметіне зиянды әсер етіп, терінің бұзылуына, диабет не ісік ауруына әкеліп соғуы мүмкін.
Нитрат
Нитрат судың, ауаның құрамында болады. Су жоғары температураға дейін қайнаса, нитраттар канцерогенді нитрозаминдерге айналады. Бұл заттектер аналық без, тоқ ішек, қуық қалбыршағы, ұйқы безі, өңеш пен асқазан ісіктерін қоздыруы мүмкін.
Фтор
Су құрамындағы фтор адам ағзасына зиян екенін ғалымдар бірнеше рет дәлелдеген еді. Ауыз суының құрамындағы фторид балалардың ойлау қабілетін төмендететіні туралы зерттеу нәтижесі бір ғылыми-медициналық журналда жазылған еді. Ал 2013 жылы жүргізілген зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, фтор тышқанның туу мүмкіндігін азайтады.
Су тек артық салмақтан арылтып қана қоймай, ағзаға зиян етуі мүмкін. Сол себепті суды бір реттен артық қайнатпаңыз. Және бұл ақпаратты жақындарыңыз бен достарыңызға таратыңыз.
Деніңіз сау болсын!
http://reactor.inform.kz