» » Украинадағы президент сайлауы: Зеленский көш бастап тұр

Украинадағы президент сайлауы: Зеленский көш бастап тұр

Украинада президент сайлауы өтіп жатыр. Қазіргі уақытта бюллетеньдердің 22,36 пайызы тексерілді. Көш басында 30,07 дауыспен шоумен Владимир Зеленский тұр, деп хабарлайды ОАК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ÐÐ»Ð°Ð´Ð¸Ð¼Ð¸Ñ ÐеленÑкий

Сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, қазіргі президент Петр Порошенко 16,78 пайыз дауыс жинаған. Ал Юлия Тимошенконың еншісінде – 13,28 пайыз болса, Юрий Бойкода – 11,36 пайыз.

Бюллетеньдердің 1,16 пайызы жарамсыз деп танылды. 

Stan.kz 
01 сәуір 2019 ж. 493 0