Ғалымдар семіздіктің қатерлі ісіктің дамуына әсер ететінін айтты
Америкалық ғалымдардың бір тобы артық салмақтың ұйқы безінің қатерлі ісігі дертіне қалай әсер ететінін айтты.
Мамандар 963 000 америкалық азаматтың жеке мәліметін тексерді. Олар CPS II бағдарламасына жазылуға келісті. Бой мен салмағы жөнінде айтып берді. Осы мәліметтер арқылы мамандар дененің салмақ индексін шығарып, артық салмақты ұйқы безінің қатерлі ісігіне қаншалықты әсер ететінін тексерді.
1982 мен 2014 жылдар аралығында ұйқы безінің қатерлі ісігі дертінен 8 354 адам қайтыс болды. Олардың көпшілігінің артқы салмағы болған.
Жас күнінен семіздікке шалдыққандардың қатерлі ісікке шалдығу мүмкіндігі көп. 30-49 жас аралығында атық алмағы барлардың қатерлі ісігінің даму мүмкіндігі 25%-ды құрады. 50-59 жас аралығында 19%, 60-69 жас аралығында 14%, 70-89 жас аралығында 13%-ды көрсетті.
"Салмақтың көбеюі ауруға әсер етеді. Алайда бұрынғы зерттеулерде рактың дамуына әсер ете қоймайтыны айтылған", - дейді зерттеуші Эрик Джейкобс.
Ғалымдардың айтуынша, ұйқы безінің дамуына артық салмақты әсері аз, ал негізгі себебі - темекі шегуден болған зиян екенін айтылып келді.
2000 жылдан кейін темекі шегетндердің саны азайып, ұйқы безі қатерл ісігі дертінен көз жұмғандар саны көбейді.
Stan.kz