20 жыл дін қызметкері болған ер адам модель атанып, танымалдыққа ие болды
Бұрынғы шіркеу қызметкері Клинт Хэйслетт үш шіркеуде 20 жыл қызмет еткен. Алайда ол мамандығын ауыстырып, модель болуды жөн көріпті.
Бұл туралы Intelligencer басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Бұрын шіркеу қызметкері болған ер адамның ұлы Коллин оған Twitter желісінде танымал болуға көмектескен.
«Әкем 45 жаста. Ол модельдік мансабын құруда. Оның мұншалықты бақытты болған кезін ешқашан көрмедім», - дейді Коллин.
Коллиннің сөзінше, ендігі әкесі телефонды жиі ұстайтын болыпты.
«Мен үйге келгенде ол Twitter-дегі статистика туралы сұрайтын болды. Біз ақырындап оның өміріне әлемуеттік желіні енгізіп жатырмыз. Үш күн бұрын оның Instagram немесе Twitter желісінде аккаунты болмаған еді. Ол мұның бәрін позитивті, шабыттандыратын дүние ретінде қабылдайды», - дейді ол.