Жанұя миллиондар салынған қалтаны 12 тонна қоқыстан іздеп тауап алған
Түмендік отбасы миллиондаған ақшасын 12 тонна қоқыстың арасынан іздеуіне тура келген. Жас жұп жоғалған құнды дүниесін табу үшін қоқыс сұрыптау зауытына баруға тура келді, деп хабарлайды Stan.kz.
Жас жұбайлар аналарын өз үйіне көшіріп алып, анасының үйін сатып жіберген. Сатылымнан түскен ақшаны пакетке салып үйге қоя салған. Әйелі үйді жинап жүргенде пакеттерді шатастырып, қалдықтармен бірге ақша салынған пакетті контейнерге лақтыра салған.
"Жас жұбайлардың 12 тонна қоқысты ақтарып, сүзгілеп жүруіне тура келді. Қуанышқа орай, олар ақша салынған пакетті тапты", - деді қоқыс сұрыптау зауыты цехының бастығы Виктор Загидулин.
Зауыт бастығының айтуынша, бұл алғашқы рет болып отырған дүние емес. Зауыт қызметкерлері қоқыс арасынан құнды заттар мен құжаттарды жиі табады. Осылайша, паспорттарды, жүргізуші куәліктерін кездестіруге болады.
Stan.kz.