» » "Миымды сыртқа алып шықтыңыздар ма?»: Миына ота жасалып жатқан жігіт дәрігерлермен әзілдескен

"Миымды сыртқа алып шықтыңыздар ма?»: Миына ота жасалып жатқан жігіт дәрігерлермен әзілдескен

Ұлыбританияда мидың қатерлі ісігіне шалдыққан пациент ота кезінде дәрігерлермен әзілдескен.
"ÐиÑÐ¼Ð´Ñ ÑÑÑÑÒа алÑп ÑÑÒÑÑÒ£ÑÐ·Ð´Ð°Ñ Ð¼Ð°?»: ÐиÑна оÑа жаÑалÑп жаÑÒан жÑгÑÑ Ð´ÓÑÑгеÑлеÑмен ÓзÑлдеÑкен

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Дәрігерлер Камерон Рейге анестетиктің аздаған дозасын беріп,оны наркоз күйіне енгізген. Арада бір сағат өткеннен кейін хирург тыныштандыратын препаратты азайтып, біраздан соң пациент есін жияды.
 
Рейдің миындағы ісік мидың зейін, абстрактілі ойлау, өзін бақылау және сыни бағалауға жауап беретін аумағында пайда болған екен. Ота барысында логопед Бекки Марр пациентке түрлі тапсырма беріп, мидың белгілі бір аумақтарына жасалған әрекеттердің мидың белсенділігіне қалай әсер ететінін байқамақ болыпты. 

Ер адам Маррдың сөзіне жауап беруді тоқтатқан кезде нейрохирург Исмаил Угратдар мидың бұл бөлігіне тиісуге болмайтынын айтады.
«Бір ғана шалыс әрекет мидың қызметінің тоқтауына алып келер еді», - дейді Угратдар.

Рей наркоздан оянғаннан кейінгі алғашқы 20 минут есінде жоқ екенін айтады.

«Артынша мен дәрігерлермен және Беккимен сөйлесіп, күліп, әзілдей бастадым. Еш жерім ауырған жоқ. Басымның терісі қышып тұрғандай болды, алайда оны қаси алмадым», - дейді Рей. 

«Менің миымды сыртқа алып шықтыңыздар ма?» - деп әзілдепті 20 жастағы пациент.

Хирургтер пациенттің миындағы ісіктің 95 пайызын алып тастады. Алайда қатерлі ісіктің қайта пайда болуы мүмкін екенін ескерткен. Ал Рейдің өзі аурумен соңына дейін күреспек ниетті. 

«Иә, бұл ісік мені өлтіреді. Алайда мен бір орында отырып, өлімімді күтпек ниетте емеспін», - дейді ол.

08 сәуір 2019 ж. 789 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 822

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031