» » Жедел жәрдем дәрігерлері өлейін деп жатқан қарияның соңғы арманын орындады

Жедел жәрдем дәрігерлері өлейін деп жатқан қарияның соңғы арманын орындады

Ðедел жÓÑдем дÓÑÑгеÑлеÑÑ Ó©Ð»ÐµÐ¹Ñн деп жаÑÒан ÒаÑиÑнÑÒ£ ÑоңÒÑ Ð°ÑманÑн оÑÑндадÑ

Квинсленд қаласында жедел жәрдем дәрігерлері қатерлі ісік салдарынан демі үзілейін деп жатқан 72 жастағы Рон Маккартнидің соңғы тілегін орындады. Фельдшерлер оның жақсы көретін балмұздағын алу үшін «Макдоналдсқа» баруға келіскен.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Анам екеуіміз жедел жәрдем дәрігерлеріне қалай алғыс білдіретінімізді білмеймін. Олар әкемнің жағдайы нашарлаған сайын келіп тұрды», – дейді Ронның қызы.
Рон Маккартни қатерлі ісіктен зардап шеккен. Ол өлер алдында тек бір нәрсені жасап үлгергісі келіпті – өзінің сүйікті тәттісін жеу. Қарияның қызының айтуынша, балмұздақ – әкесінің өздігінен жей алатын жалғыз асы болған.
«Ронның әйелі оның соңғы екі күн бойы нәр татпағанын айтты. Сол кезде біз одан: «Егер бірдеңе жей алсаң, нені таңдар едің?» – деп сұрадық. Пациент: «Жеміс қосылған карамельді балмұздақ», – деп жауап берді», – дейді жедел жәрдем қызметкері.


Stan.kz 





06 қыркүйек 2018 ж. 1 054 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930