Әйелден ұзын шашқа бола жеті баласын тартып алды Хакасияда жергілікті тұрғын Любовь Лицегевичтің бір баласының шашы ұзын болғаны үшін асыранды жеті баласын тартып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі novayagazeta.ru сайтына сілтеме жасап.«Новая газета» басылымының хабарлауынша, қамқорлық органы төрт жастағы баланың шашы ұзын болуынан «гей болу қауіпін» көрген.Лицегевич 57 жаста. Оның 21 баласы бар, соның 20-сын асырап алған. Жеті баланы тартып алуына байланысты ол сотқа жүгінді. Іс әлі қаралып жатыр.Тамыз айының соңында қамқорлық органдары Екатеринбург тұрғыны Юлия Савиновскаяның екі асыранды баласын тартып алды. Юлия денсаулығына байланысты сүт безін кестірген. Желтоқсанда сот Савиновскаяның баласын тартып алу заңсыз деп таныған. Әлем 04 қаңтар 2018 ж. 1 106 0