» » Ер адам 30 жылдан астам уақыт бойы арқасындағы 15 келі болатын ісікпен өмір сүрген

Ер адам 30 жылдан астам уақыт бойы арқасындағы 15 келі болатын ісікпен өмір сүрген

Қытайда дәрігерлер ер адамның арқасынан салмағы 14,9 келі болатын ісікті алды. Ер адам осынша үлкен ісікпен 30 жылдан аса уақыт жүрген.




ÐÑ Ð°Ð´Ð°Ð¼ 30 жÑлдан аÑÑам ÑаÒÑÑ Ð±Ð¾Ð¹Ñ Ð°ÑÒаÑÑндаÒÑ 15 ÐºÐµÐ»Ñ Ð±Ð¾Ð»Ð°ÑÑн ÑÑÑкпен өмÑÑ ÑÒ¯Ñген

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

68 жастағы Танның ұзындығы 85 сантиметр, ені 65 сантиметр болатын ісікпен жүргеніне 30 жылдан асыпты. Ісік ер адамның өкпесі, омыртқасы мен бірнеше қан тамырын зақымдағандықтан, дәрігерлер бірнеше жыл бойы оны алып тастаудан бас тартқан екен.  

Үміті үзілген Тан 2018 жылдың қараша айында ауруханаға түскен. Оның ұйқы күретамыры зақымдалып, өліп кете жаздапты. Дәрігер Ян Цзюнь пациентті бірнеше ай бойы бақылаған. Ол пациенттің өміріне қатер төнетініне қарамастан, ісікті алып тастауды ұйғарады. 
 
ÐÑ Ð°Ð´Ð°Ð¼ 30 жÑлдан аÑÑам ÑаÒÑÑ Ð±Ð¾Ð¹Ñ Ð°ÑÒаÑÑндаÒÑ 15 ÐºÐµÐ»Ñ Ð±Ð¾Ð»Ð°ÑÑн ÑÑÑкпен өмÑÑ ÑÒ¯Ñген

Ота 1 сәуірде Шанхайдағы ауруханалардың бірінде өтті. 33 сағатқа созылған отаның нәтижесінде ер адам көп қан жоғалтқан. Қуанышқа орай, ол тірі қалды. 

Тан 4 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Ол бесінші күні тамақтанып, алтыншы күні өздігінен жүріп-тұра бастапты. 

Қазіргі уақытта пациент өзін жақсы сезінеді. 
 
Stan.kz

18 сәуір 2019 ж. 767 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 822

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031