» » Әйел автобуста босанды: қыз 18 жасқа дейін қоғамдық көлікте тегін жүреді

Әйел автобуста босанды: қыз 18 жасқа дейін қоғамдық көлікте тегін жүреді

ÐÓÑеÑÑе

Барселонадан Брюссельге бет алған автобуста сәби дүниеге келді

Барселонадан Брюссельге бара жатқан жолаушы автобуста босанды.
Күнделікті рейс кезінде сағат түнгі 3:30-да жолаушы жүргізушілерге келіп, әйелі босанатынын айтқан. Олар ең алдымен, жергілікті жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалды, деп жазады Лайф.  
Кейін автобусты тоқтатып, дәрігерлерді күткен. 

"Адамдардың біразы ұйықтап жатқан болатын. Жүргізуші мән-жайды түсіндірген соң , бәріміз автобустан шықтық", - дейді туристердің бірі.
Жарты сағаттан соң әйел аман-есен босаныпты. Сәби мен ата-анасын жедел жәрдем қызметі жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.
Кейін БАҚ өкілдері ата-анасы нәрестенің атын Зенеп деп қойғанын хабарлады. Ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін компания автобустарымен тегін жүре алады.


sputniknews.kz
19 мамыр 2019 ж. 623 0