» » Сапарбаев: Жедел жәрдемге өзім хабарласып көрдім, тұтқаны көтермейді

Сапарбаев: Жедел жәрдемге өзім хабарласып көрдім, тұтқаны көтермейді



Бердібек Сапарбаев 20 қарашада жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысын сынға алды.

Халықтың медицина қызметкерлеріне өкпесін айтты, деп жазадыДиапазон.
“Жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысына бұған дейін де ескерту жасағанмын. Тіркеуде отыратындардың жұмысына сын айттым. Бірақ еш өзгеріс жоқ. Жедел жәрдемнің кешігуінен қанша адамға зиян тиіп жатыр. Соңғы болған жағдайға қатысты, жедел жәрдемнің 49 минуттан соң келгені белгілі болды. Бұл қандай немқұрайлылық? Заманауи, жаңа техикамыз бар деп мақтанамыз”, – дейді өңір әкімі.
Облыстық аурухананың бас дәрігері Әсет Қалиев 7 жастағы қыздың өліміне қатысты айтып өтті. Жедел жәрдем диспетчерінің қоңырауды дұрыс қабылдамағанын, ата-анасының мекен-жайды дұрыс жазбағанын атады.
“Барлық дәрігер науқас не ата-анасы кінәлі дегенді басынан алып тастау керек. Бала ауырып жатыр ма, тіпті өліп бара жатыр ма, ата-анасы қандай күйде болады? Соны неге түсінбейсіздер? Неліктен ата-анасы дұрыс мекен-жай айтқан жоқ дейміз? Мұны тоқтату керек. Қоңырауды қабылдап, көлік жіберу керек. Болды. Басқа ақталу деген болмайды”, – дейді сапарбаев.



Stan.kz

21 қараша 2018 ж. 757 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930