Үндістанда ер адамның миынан әлемдегі ең үлкен ісік алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан тұрғыны ота жасатудан бас тартып, мидағы ісікті 20 жыл бойы үлкейтіп жіберген. Бұл туралы Daily Mail жазады.
31 жастағы Сактивел (Sakthivel) Тамилнад штатының Мадурай қаласынан. Ол қымбыт отаға шамасы жетпей, бала кезінде пайда болған ісікке мән бермей жүреді. Осы уақытқа дейін ісік 5 кг дейін өсіп, оған ыңғайсыз болады. Сырт келбетіне байланысты адамдар мен достарынан алыс жүруге тырысқан.
Дегенмен Сактивел аураханаға барады. Хирургтер оған 10 сағат бойы ота жасап, ісікті алып тастады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл – әлемдегі ресми тіркелген ең үлкен ми ісігі.
«15 жыл бойы нейрохирург болып жұмыс істесем де, мұндай үлкен ісікті алғаш рет көріп отырмын», - деді дәрігер Джей Срисараванан (J Srisaravanan).
Қазір Сактивелдің жағдайы жақсы. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
BAQ.KZ
Фото: дереккөз