"Миға қонбайды": Түскі ас ішуге барған ер адам 3,5 млрд теңге ақша ұтып алды
АҚШ-тың Шарлотт қаласының тұрғыны түскі ас кезінде лотерея ойнап, мультимиллионер атанды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The State басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Джеймс Белич түскі ас кезінде лотерея билетін сатып алып, бірден нәтижесін тексеріпті. Бақытты билет оған 10 миллион доллар (3 млр 790 млн теңгеден аса) көлемінде байлық әкелді.
«Бірдеңе ұтып алсам деп үнемі үміттенесің, алайда ол кезде 10 миллион доллар туралы ой болмайды. Тіпті, мұндай ұтысқа ие болу миға қонбайды», - дейді ер адам.
Ойын ережесі бойынша, Белич 20 жыл көлемінде ай сайын 500 мың доллар (189 млн теңдеген аса) ала алады. Немесе бірден 6 миллион долларды (2 млрд 279 млн теңгеден аса) алуға құқылы. Ер адам екінші нұсқаны таңдап, барлық салықты төлегенде, қолына 4,3 млн доллар (1 млрд 633 млн теңгеден аса) алды.
Белич бұл ақшаны қарызын жабуға, үйін үлкейтуге және балаларына жұмсамақ.
Stan.kz