» » Asus екі бірдей 4К экраны бар ноутбук шығарады

Asus екі бірдей 4К экраны бар ноутбук шығарады

Asus ÐµÐºÑ Ð±ÑÑдей 4Ð ÑкÑÐ°Ð½Ñ Ð±Ð°Ñ Ð½Ð¾ÑÑбÑк ÑÑÒаÑадÑAsus компаниясы екі бірдей экраны бар ZenBook Duo және ZenBook Pro Duo ноутбуктарын таныстырды. Құрылғыда негізгі экран және пернетақта үстінде қосымша дисплей болады, - деп хабарлайды The Verge.

ZenBook Pro Duo ноутбугы екіншісіне қарағанда үлкен. 15,6 дюймді OLED-экранмен (экран тұнықтығы 3840:2160 пиксель) жабдықталған. ZenBook Duo болса 14 дюймді. Экран тұнықтығы 1920:1080 пикселді құрайды. Қосымша дисплей арқылы қолданушының мүмкіндігі артады. Әсіресе сенсорлы болуы қолайлы саналуда. Ноутбуктар Intel Core i7 немесе і9 процессорларымен жабдықталған. Видеокартасы - NVIDIA GeForce MX250 немесе RTX 2060. ZenBook Pro Duo ноутбугының салмағы 2,5 кило болса, кішісінің салмағы 1,8 кило тартады.



https://massaget.kz
29 мамыр 2019 ж. 450 0