20 жылдан кейін Юпитердегі қызыл дақ байқалмай қалады
Юпитер ғаламшарында жүздеген жылдан бері тоқтаусыз тұрып келген дауыл біртіндеп басыла бастады, - дейді ғалымдар.
Ол дауыл жерден қарағанда қызыл дақ секілді көрінеді. Ғарыштағы бұл құбылыстың ресми атауы да "Қызыл дақ" деп аталады. Оның ұзындығы мен ені Жерден де үлкен. Соңғы жылдары зерттеушілер қызыл дақтың сирей бастағанын аңғарған. Бұл ғаламшардағы дауылдың аздап басылуымен түсіндіріліп отыр. 2017 жылға дейін бұл құбылыс байқалмаған. Дауылдың саябырсу себебі ғалымдарды таңдандыруда. NASA сарапшыларының зерттеуі бойынша, ғаламшардағы дауыл бары 1665 жылы анықталған. Алдағы 20 жылда дауыл да тоқтап, қызыл дақ та адамзат баласына көрінбеуі мүмкін. 1800 жылы қызыл дақ Жерден төрт есе үлкен болған. Одан бергі аралықта кішірейе келе, 17 градусқа азайған. Қазір Жерден 1,3 есе үлкен.
https://massaget.kz