Бүгін – Жер шарында магниттік дауыл соғады
24 шілде, яғни бүгін Жер шарын бес балдық шкала бойынша G1 бірінші дәрежелі магниттік дауыл орап алады. Ғалымдардың мәліметіне қарағанда дауыл Астана уақытымен таңғы 9:00-де басталып түске дейін белсенді болады.
Мұндай дауылдар энергитикалық жүйелерде әлсіз ауытқуларға, ғарыштық құрылғыларды басқару кезінде мәселелер тудыруға себеп болуы мүмкін. Астраномдардың хабарлауына қарағанда бұрынғы магниттік дауылдар – 20 сәуір, 6 мамыр, 2 маусым және 28 маусым күндері болған. Бұлардың ішіндегі ең күштісі және ең белсендісі 20 сәуір күні болған магниттік дауыл екен. Магниттік дауылдың адам ағзасына тигізетін әсеріне тоқталатын болсақ, дені сау адамдарға бұл үдеріс аса байқалмауы мүмкін. Дегенмен лекимия немесе анемиямен ауыратын адамдар біршама зардап шегеді. Яғни адамның қанындағы лейкоциттер белгілі бір цикл өткен кезде сол циклге сай келмей қалады. Магниттк дауыл көбінесе денсаулық жағдайы ауа райына байланысты өзгеретін, жүрек-қантамырлары жүйесі ауыратын адамдарға кері әсер етеді. Магниттік дауыл кезінде мұндай адамдардың басы айналып, жүрегі айнып немесе қан қысымы төмендеп кетуі мүмкін.

Massaget.kz
Пікір 2