» » Әлемдегі ең "қымбат" сейфтер

Әлемдегі ең "қымбат" сейфтер

ÓÐ»ÐµÐ¼Ð´ÐµÐ³Ñ ÐµÒ£

Банк сейфін ашу мамандардың бірнеше сағат уақытын алуы мүмкін. Мұндай сценарийлер Голливуд фильмдеріне тән стиль. Ал шын өмірде кейбір сейфтерді ашпақ түгілі оның маңына жолау мүмкін емес. Әлемдегі кейбір "сейфтерге" бүкіл бір мемлекеттің әскері сыйып кетеді. Әдетте олар VIP-персоналдар үшін баспана, сақтау қоймалары немесе стратегиялық мақсатта пайдаланатын бункер есебінде құрылады. Назарларыңызға осындай әлемдегі ең "қымбат" сейфтерді ұсынамыз.



Форт-Нокс
500 тонналық алтын құймалар кез келген оңай олжаны іздеушілерді өзіне қызықтырады. Бірақ олжаны оңай иемденемін десеңіз қателесесіз. Ол үшін 4 қабырғадан өту керек. Оның екеуі аса қатты бақыланады. Ғимаратқа кіру есігіндегі параллель орналасқан ғимаратта мұздай қаруланған 30 мың жауынгер бар. Бұдан бөлек алтынға апарар жолдар лабиринт іспетті, есіктері құлыпталған. Қойма есігінің коды Форт қызметкерлеріне бөліп берілген. Оны ашу үшін барлығын жинау керек. Және ең соңында 22 тонналық есікті ашу қиындығымен кездесесіз. Тарихта Форт-Нокстан ешкім рұқсатсыз бірде бір алтын алып шықпаған. Сондықтан АҚШ алтындарын осындай жерде сақтайды.



Шпицбергендегі дүниежүзілік тұқым сақтау қоймасы Егер адамдар жейтін ештеңе қалмаса, Жер бетіндегі кез келген байлығыңыз бір тиын болып қалатыны сөзсіз. Сол үшін де Шпицберген аралына үлкен "жертөле" салынған. Үңгір Солтүстік полюстен 620 миль (1125 км) биіктікте, 390 фут (120 метр) тереңдікте орналасқан. Бункерді мыңдаған шақырым жолы бар медиен дала, суық ауа райы мен ақ аюлар қоршап тұр. Құрылыс беріктігі ядролық бомбаға негізделген. Сондай-ақ, бункер кез келген жер сілкінісіне төзімді (ғалымдардың пайымдауынша).



Бұл жерде бүкіл әлемдегі 500 мыңнан астам өсімдік тұқымы сақталған. Әлемдік дүлей апаттар болған жағдайда, аталған қор әлемнің флорасын қалпына келтіре алады деген мақсатпен жасалған. 



Mount Cheyenne

АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің жүрегі болып есептелетін Колорадо-Спрингс қаласы маңындағы Шайенн тауы мен оның ішінде жасырылған "NORAD" атты жер асты базасы бар. Бұл база Америка мен Канаданың ракета және әуе күштерін бір тізімге біріктіреді. Ядролық соғыс басталған жағдайда мемлекеттің саяси және әскери басшылары міне, осы Шайенн тауы бункерінде басшылық жасайды. Жер асты базасының құрылысы 1961 жылы басталған. Шайенн тауында 3 жыл ішінде жасанды үңгірлер қазылған. Үш туннель: ұзындығы 180 метр, биіктігі 20 метр, ені 15 метр; тағы төрт туннель: ұзындығы 100 метр, биіктігі 17 метр, ені 10 метр. Бұл үңгірлер бір-бірімен байланысып көзге торды елестетеді. Бұл үңгірлерде 15 металл нысан орналастырылған. Олардың 12-сі үш қабатты үй. Қалыңдығы 9,5 метрден тұратын болат қабырғалар арнайы пружиналармен жабдықталған. Сыртқы ядролық шабуыл мен жер сілкінісіне өте шыдамды.



Темір тау

Қоймаларда сақталатын байлықтар тек ақша, алтын немесе басқа да жауһар тастармен бағаланбайды. АҚШ-тың кезекті қойма-үңгірінде Эдисон шамының түпнұсқа патенті, егіз ғимаратты құлатқан ұшақтың қалдықтары және Room 48 деп аталатын АҚШ-тың ауқымды жобаларын функциялаған ақпараттар жиынтығы сақталады. Бұлар ресми түрде жария етілгендер. Ал Қойманың 95 пайыз аймағында не сақталатыны әлі күнге дейін құпия. Аталған нысанды негізінен жеке компаниялар өз қаржысына салдырған. Қауыіпсіздік тізімі Форт-Нокстан қалыспайды. Шайен бункері сынды бұл қоймадан да атом бомбасы жарылысынан қорғануға әбден болады.


 
https://massaget.kz
23 маусым 2019 ж. 679 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031