» » "17 мың долларға Павлодар әкіміне жиһаз алды": Ақпаратқа қаржы министрі жауап берді

"17 мың долларға Павлодар әкіміне жиһаз алды": Ақпаратқа қаржы министрі жауап берді

Павлодар әкімдігі үшін сатып алынған қымбат жиһазға қатысты қаржы министрі Әлихан Смаилов пікір білдірді. 

qarjy
Бұған дейін Павлодар әкімдігінің элиталы қымбат жиһаз сатып алатыны желіде жария болды. Таза былғарыдан немесе оның орнын алмастырғаш материалдан жасалған екі тумбалы жұмыс үстеліне тапсырыс берілген.
"Барлығы заңмен белгіленген тәртіпте, яғни бәсекелестіктің дұрыс жүргізілуіне байланысты жүзеге асырылды. Мүмкін біз талдау жасауымыз керек. Содан соң оның дұрыс немесе дұрыс емес екенін бағалау керек", - деді Смаилов үкімет отырысынан соң өткен кулуарлы жиында. 
БАҚ өкілдері Назарбаевтың шығын азайту керек деген тапсырасын алға тартты. 
"Жергілікті бюджетті жоспарлау жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі. Тиісті мәслихаттар аудиторлық комиссиялар тарапынан тиісті аудиттің жүргізілуіне қарай жұмысты ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу жоспары шеңберінде сатып алынатын белгілі бір заттарды жоспарлаудың орындылығын анықтайды. Бірақ тұтастай алғанда, мен бюджетті жоспарлы негізде қарастыра отырып, кейбір қымбат жиһаздарды сатып алмау керек дегенге келісемін", - деді министр.

stan.kz

04 маусым 2019 ж. 703 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930