Дәрігерлер науқас әйелге қатерлі ісігі бар бүйрек салып берген
Шотландия тұрғыны Паулина Хант бүйрек трансплантациясын жасатқаннан кейін қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Бұған дейін дәл сол донордан бауыр алған науқас отадан кейін бірнеше апта өтпей көз жұмыпты.
"Дәрігерлер химия терапияны көтере алмайтынымды айтты. Қатерлі ісіктен туыстарым қайтыс болған. Мені не күтіп тұрғанын білемін", - деді Хант.
Бұдан сескенген аурухана тез арада ота жасап, ауыстырылған бүйректі алып тастаған, бірақ науқасқа бұл да көмектеспеген.
Жыл сайын алты мың операцияға органдар жеткізу мен айналысатын ұлттық қан және трансплантация қызметі кінәларын мойындамай отыр.
Пікір 3 523