Алматылық дәрігерлер қатерлі ісік жайлы ел аузында тараған 5 жалған мәліметті атады
Алматылық дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың ең басты кемшілігі – дәрігерге кеш қаралуы екенін айтты. Дерттің бірінші кезеңінде 100 пайызға дейін емделіп жазылуға дейін болатынын жеткізді.
Дәрігерлер ел аузында қатерлі дертке қатысты тараған жалған мәліметтерді атады, деп хабарлайды Алматы арнасы.
- Қатерлі дерт тұқым қуалайды.
«Қатерлі ісіктің тұқымқуалауы барлық адамға беріле бермейді. Сондықтан алдымен қанын тексертіп, бар болған жағдайда тезірек емдеу шараларын қолға алу керек. Ауру тұқым қуалауы мүмкін. Бірақ бұл ең басты себебі емес», – дейді Алматы қаласы онкологиялық орталықтың маммология бөлімі меңгерушісі Берік Қайболлаев.
Тұқымқуалаушылық, лас экология, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, қатерлік ісікке алып келеді. Көпшілігі тәттіге құмарлар да осы ауруға шалдығады деп есептейді.
- Тәттіге құмаршылық.
Дәрігерлер бұл пікірмен келіспейді. Дәрігерлердің айтуынша, белгілі бір тағамның қатерлі дертке шалдықтыруы мүмкін емес.
«Қанттың әсері қатерлі дерттке апарады деген дұрыс емес. Бірақ А, Е дәрумендендері жетіспесе, денсаулыққа кері әсер етеді», – дейді Алматы қаласы онкологиялық орталықтың орынбасары Әлия Төрешова.
- Мобильді телеофондар қатерлі дерт туғызады.
Көп жылғы зерттеулерге сүйенсек, мобильді байланыстың адамды қатерлі дертке шалдықтыру дәлелденбеген.
«Бүгінде гаджеттер ракка шалдықтырады деген 100 пайыздық сенімді дерек жоқ. Бірақ көп қолданған сайын денсаулыққа зиянын тигізеді», – дейді дәріге Әлия Төрешова.
- Қатерлі дерт тұрмыстық жағдайда жұғады.
«Онкология – жұқпалы ауру емес. Ола ауа-су не қан арқылы берілмейді. Гендік тұрғыда кей түрі берілуі мүмкін. Бірақ тұрмыстық жағдай жұқпайды», – дейді хирург-онколог Саттар Аппазов.
- Дертті емдеу оны асқындыра түседі.
Қатерлі дертте емдеудің үш әдісі бар. Хирургиялық жол, сәулелі терапия мен дәрілік емдеу жолы. Жыл сайын жаңа дәрілер шығып жатыр. Бірақ бір дегенде жойып жіберетін дәрі әлі шыққан жоқ.
«Ауруды асқындырған жағдайлар болады. Бірақ ол барлық жағдайда емес. Химиялық терапия алса, ол бүкіл ағзаса әсер етеді. Тек қатерлі дертке ғана әсер етеді деген сөз емес. Ал, қазіргі біз қолданатын таргетті дәрігер тек қатерлі дерт торларына ғана әсер етеді. Өйткені, қазір дамыған заман», – дейді Әлия Төрешова.
Алматыда көп әйел омыраудың қатерлі ісігіне шалдығады. Бұл аурудың өкініштісі бірден байқала қоймайды. Қазан айында дәрігерге қаралған 361 әйелдің 300-і мастопатия дертіне шалдыққан. Оның үшеуінде қатерлі түрі екенін анықталды.
Stan.kz
Пікір 1