» » Ұзақ үнсіздіктен соң Төреғали Төреәлі жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды

Ұзақ үнсіздіктен соң Төреғали Төреәлі жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды


Ұзақ уақыт үнсіз қалған Төреғали Төреәлі "Шаруам жоқ" атты бейнебаянын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Today.kz.
"Əр адам өз өмірінің қожайыны. Демек, өз өмірің өз қолыңда! "Адам əрекетін етуші, Аллаһ берекетін беруші" дейді! Тұлпардың да тұяғы сүрінетінін білесіздер! Жақтың да жаңылатынын бастан өткердік! Ешқандай ата-ана баласын жаман болсын деп тəрбиелемейді. Менің тəрбием, менің сана-сезімім! Әкем мен анамның берген тәрбиесінде кеткен ағаттық жоқ, ағайын! Қайратым тасып, қарусыз жараласам жастығым деп қабылдаңыздар! Тілім тиексіз болғанымен, түбім тексіз емес! Тентектігімді тексіздікке теңемеңіздер! Ай жоқ жерде көзге түскен балалығымның шалалығы ғой! Бала Төренің төрелігін берген бауырларында, шала Төренің "шаруасы жоқ", ағайын. Жылағанда жұбатып, сүрінгенде сүйеу болған сіздердей тыңдармандарымның барына Аллаға шүкіршілік етемін! Қабырғам қайысқанда да, қанатымды қайырмадыңыздар! Менің өмірім - өнеріммен, өнерім - өміріммен тығыз байланысқан! Сондықтан да, Төрештеріңіздің өнеріне әділ төрелік ететін тек өздеріңіз ғана! Ал әр адамның өз шындығы ішінде, ақиқаты Аллада! Өз ұлым деп өзегімнен теппеген өздеріңіз барда, менің өзгенің өмірінде "Шаруам жоқ" ағайын! Жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды жарыса жариялайтын күндеріміз көп болсын!" – деп жазды Төреғали Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасына.




23 ақпан 2018 ж. 1 338 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930