» » » Алтынбек Қоразбаев: Төреғали мені тиын-тебенге айырбастап кетті

Алтынбек Қоразбаев: Төреғали мені тиын-тебенге айырбастап кетті


Таяуда ғана қарапайым қарашаға дөрекелігін көрсетіп, дүйім жұртты дүр сілкіндірген Төреғали, енді Қоразбаевтың көңілін қалдырған. Халық әртісінің концертіне қатысуы тиіс Төреәлінің ұлы уәдесінде тұрмай, Алтынбек ағаны алдап кеткен көрінеді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
 “Төреғалисыз да менің концертім өткен. Талай-талай концерттерім өткен. Енді, ол жігіттің әкесі екеуінің істеп кеткені қиянаттау болды кішкене. Бір тиын-тебен үшін мені айырбастап кеткені үшін мен емес,  менің елім кешірмейтін шығар оны”, – дейді Қоразбаев.
«Иә, Төреғали келмеді» – деп Алтынбек Қоразбаевтың тауы шағылған жоқ. Халық әртісінің 70 жылдық мерейтойы абыроймен өтті. Қасында қос шәкірті Тоқтар мен Мейрамбек бар. Ал, Бесбаев өз ұстазын ренжіткен Төрешпен жеке сөйлесіп, мәселенің анық-қанығын алдағы уақытта хабарлауға уәде берді.
“Иә, естідім! Өкінішке орай келе алмайтынын білдіріпті. Кейін естігеннен кейін айтармын әңгімесін”, – дейді Бесбаев.
Сазгердің «Сен болмасаң» атты әнін, мерейтойлы кеште Қыдырәлі мен Қарақат  орындады. Жоспар жүзінде Төреғали мен Мөлдір Әуелбекова шырқауы тиіс еді.
“Енді білмеймін арада не болғанын. Көке маған хабарласты да Қазақконцертке кел деді. Сол кезде Төреғалимен «Сен болмасаң» әнін айтпайтын болдыңдар деді. Төреғалимен сөйлеспегеніме біраз болды. Өйткені ол шет елде қазір…  Төреғалиды көрген кезде өзінен сұрайтын боламын. Міндетті түрде”, – дейді Әуелбекова.
Ал, өнердің орта буыны мен өзге жас өкілдері Қоразбаев әндерінің өміршеңдігін жарыс айтып, оның талай хитменнің бағын ашқанын еске алды.
 “Алтынбек ағаның әнімен қаншама ұрпақ тәрбиеленді. Қаншама толқын осы әндердің әуенімен тербеліп келе жатыр”, – дейді Жұбаныш Жексенұлы.
“Алтынбек Қоразбаев атамыз жайлы айтатын болсақ бір кино түсіруге болатын шығар”, – дейді Ернар Айдар.
Ал Төреғали өзі ренжіткен Қоразбаевтың әндеріне клип түсіруді қолға алған. Айта кетейік, өткен айда Төреғали мен Мөлдірдің орындауында “Сен болмасаң“, ал күні кеше “Қоштасудың қиыны-ай” әніне таспаланған бейнебаян халыққа ұсынылды. Қос туындының да авторы – Алтынбек Қоразбаев.


http://stan.kz
06 ақпан 2018 ж. 1 413 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031