» » Еліміздің емшілері Қызылордада есеп берді

Еліміздің емшілері Қызылордада есеп берді


Қазақстанның әр облысында тұратын сексеннен астам емші таяуда Қызылорда қаласында жиналды. Халық емшілері ел алдында өткен жылы атқарған жұмыстарына есеп берді. Бұл кәсіби халық емшілері мекемесінің жылды қорытындылап, алдағы жылға осылай жоспар жасайтын жылдағы дәстүрі болатын.

«Емшілер де ел үшін еңбек етіп жүрген жандар. Халық денсаулығын түзеуде олардың да еңбектері ерен. Кейде олардың емдеу нәтижелерін көргенде таң қаласың. Мысалы, мен теріс қарап отырып, адамды көрмей-ақ тәуір етіп жатқандарды көріп жүрмін. Суға екі рет дем салып, арақтан түбегейлі ажыратқандарды көрдім. Телефонмен «приступты» тоқтатып, дене қызуын түсірушілерді білемін. Яғни олардың қай-қайсысы да атына заты сай жандар. Әрқайсысының емдеу бағдарламалары бөлек. Барлығы да қайталанбас ерекше қасиет иесі. Ал біздің ассоциациядан берілетін құжат олардың Қазақстаннан бөлек Ресей, Қытай, Украина, Түркияда емін-еркін жұмыс жасауына мүмкіндік береді», – дейді «Шапағат» халық емшілері мекемесі, кәсіби халық емшілерінің республикалық ассоциациясы, кәсіби халық емшілері мен дәрігерлерінің дүниежүзілік ассоциациясының президенті Бауыржан Нұржанов. 
 
Ассоциацияда жалпы 5 мемлекетті қосқанда 1870 мүше бар екен. Ал Қазақстанда әр облыста 325 емші заңды құжаттарын алып, жұмыс істеп жатыр. Олар жыл сайын медицинасы дамыған шет мемлекеттерде болып, біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасып қайтады екен. Қазақстандық емшілердің диагноз қоюдағы ерекшелігі, өзгеше емдеу тәсіліне шет елдің дәрігерлері таң қалған кездер де көп болатын көрінеді. 
 
Мысалы, «№1 әлем емшісі» атанған Бауыржан Әбілдаұлы бірнеше жыл бұрын Қазақстанға іс-сапармен келген араб шейхын денесін тұтас басып кеткен псориаз жарасынан екі күн ішінде ешқандай дәрі-дәрмексіз, тек сумен ғана емдеп жазған екен. Сонда Қазақстандағы халық медицинасын мойындаған шейх оған 24 караттық бриллиант жүзік сыйлапты.  Бұл жайлы қызықты сұхбатты біз «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген 2-ші нөміріне жарияладық. Ал әзірге бойында ерекше қасиеті, алақанында шипа болатын қуаты бар жандардың құжатты қалай алуына болатынына тоқталайық.
 
«Бұрын науқас жанды емдеуге рұқсат етілетін заңды құжат алу үшін үміткерлер 21 күн арнайы тәжірибеден өткізілетін. Оларға «Шапағат» халық емшілері мекемесі мен кәсіби халық емшілерінің республикалық ассоциациясының құжаты мен төсбелгісі, сертификаты мен пластикалық карточкасы берілетін. Биылдан бастап халықаралық стандарттарға сай біздегі талап та күшейтілді. Үміткер алдымен өз облысындағы филиалдың мүшелерінде өзіндік сынақтан өткізіледі. Филиалда 20 адам болса, үміткерге солардың барлығы мінездеме береді. Оның емдеу-сауықтыру тәжірибесі, халық медицинасын қаншалықты меңгергеніне баға береді. Білмегенін үйретеді, лайықты тәрбие береді. Оған дейін үміткер он жылдық тәжірибесі болса да жай «халық емшісі» деген мәртебесі бар, бір жылға ғана жарамды уақытша құжатпен жүреді. Ол мерзімінен бір күн асып кететін болса, автоматты түрде мүшеліктен шығады және құжаттары жарамсыз болып қалады. Бір жылдық сынақ мерзімі аяқталғанда оңды мінездеме алған үміткер ғана «кәсіби халық емшісі» атана алады. Сынақ мерзімі осы кісінің бойында шынында да Алладан берілген қасиет бар ма, ол ел игілігіне арналып жатыр ма, осы жағын анықтауға мүмкіндік береді», – дейді ассоциация президенті. 
 
Ол кісі мұндай құжаттандыру емшіге барған халықтың алданбауы, босқа шығынданбауы мен денсаулығына залал келтірмеуі үшін маңызды екенін айтады. «Сондықтан емшіге баратын әрбір адам оның құжатының заңды болуына мән беруі керек», – дейді ол. 
 
Е.ЕРКЕЖАН.
http://www.zamana.kz

05 ақпан 2018 ж. 1 903 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930