» » Ағылшынша әнге бейнебаян түсірген Қайрат Нұртас сынға қалды (видео)

Ағылшынша әнге бейнебаян түсірген Қайрат Нұртас сынға қалды (видео)


Қайрат Нұртас інілері мен балаларының өнер әлеміне келгенін қаламаған. Алайда соған қарамастан, хитменнің кіші інісі Заңғар бүгінде ағасымен бірге ән айтып жүр. Тіпті, алғаш рет бейнебаянға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

My Universe әнінің тұсауы Қайраттың Алматыдағы отбасылық концерті кезінде кесілген болатын. Тыңдармандарына тағы да жаңашылдық ұсынғысы келген Қайрат бұл жолы “бір оқпен екі қоянды” атуды көздеген. Бір жағынан, алғаш рет ағылшын тілінде ән жаздырса, екінші жағынан інісін сахнаға алып шыққан ол дәл бүгін аталған туындыға түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті.
Гәкку арнасының YouTube-тегі парақшасында жария болған клипті аз уақытта 10 мыңға жуық жан тамашалап үлгеріпті. Бұл орайда тыңдармандар пікірі қақ бөлінді. Көпшілігі Қайраттың кәсіби маман екенін, алайда ағылшын тіліне келгенде ақсап қалғанын жазған.
“Қайраттың шығармашылығын құрметтеймін, бірақ ағылшын тілімен жұмыс істеуі керек”, – деп пікір білдірді. Ақтоты Момбекова есімді тыңдарман.
“Қайрош, осы қазақша айта бересің-ау деймін”, – деп қоштады Бейбіт есімді екінші тыңдарман.




http://stan.kz
07 маусым 2018 ж. 2 236 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031