Жанар мен Тәуекелдің махаббат хикаясы: Дұғалова жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)
Былтырғы жылы Тәуекел Мүсіліммен оттың ортасында сүйісіп, жұртты біраз шулатқан Жанар Дұғалова мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол сымбатты актермен түскен кезекті бейнебаянын жарыққа шығарды. Туынды “Сүйем-Жек көрем” деп аталады, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.
Жаңа бейнебаян “Ала кетпедің” туындысының жалғасы болып табылады. Тек бұл клипте Тәуекел мен Жанар ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған.
Жанар бұл жолы да шынайы махаббаттың қандай болатынын көрсетуге тырысқан. Ал Дұғалованың бұл талпынысын тыңдармандар жоғары бағалауда.
Күні кеше желіге жүктелген бейнебаянды 150 мыңнан аса жан тамашалап үлгерген.
Айта кетейік, осыдан бір айдай уақыт бұрын желіде Тәуекелдің Жанардың жігітіне жұдырық ала жүгірген видеосы тарап кеткен еді. Аталған кадрлар Дұғалованың су жаңа бейнебаянынан үзінді болып шықты.
Stan.kz