"Мұндайды күтпедім": Нанды ысырап қылған Жанар Айжанова сынға қалды Елімізге белгілі әнші, әртіс Жанар Айжанова жас жігіттің бетіне торт жағамын деп, сынға ілікті. Оның бұл әрекетін көрген желі қолданушылары Айжанованы қызу талқыға салды деп хабарлайды NUR.KZ.Желіге таралған видео әртістің кезекті рөлдерінің бірі болуы керек. Алайда оқырмандарды мазалағаны ол емес. Олар елдің бетке ұстар тұлғасының нанмен ойнағаны алаңдатты."Масқара. Нанның киесі деген болады", "Жас болса түсінуге болады. Дап-дардай әйел ғой. Мынасы несі?", "Басқа-басқа, мұндайда Жанардан күтпедім"."Əбден тойынғандық. Нанды қадірлеуді ұмытпайық. Жанар апайымыз осылай істесе, басқа жастарға айтарға сөз жоқ" деп оқырмандар ашу шақырды. Қоғам 10 шілде 2018 ж. 807 0