Жанар Айжанова фонограммаға "мініп алған" Ернар Айдарды сынады
Бұл ойын ақтөбелік әнші «Хабар» телеарнасында көрерменге жол тартқан "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында айтты. Ғазизхан Шекербеков пен Ернар Айдардың ән додасына төрелік еткен ол "Ернарды өтірік мақтай алмаймын" деген.
Ал сөз соңында, Айжанова Ернарға көп еңбектеніп, өзіңді аяма деген кеңес берді.
"Енді өтірік мақтай беруге болмайды. Ернар негізі дайындығың аз сияқты, тойға барып, сен де әбден фонограммаға мініп алған балалардың бірісің.Сондықтан бір қайнауың кем болды. Жігітке серуен де серуен, сергелдең де серуен",- деп сынға алды әнші.
Ал сөз соңында, Айжанова Ернарға көп еңбектеніп, өзіңді аяма деген кеңес берді.
"Өзіңнің де көзің жетті, жанды дауыспен ән айта аласың. Фонограммасыз да сен Ернар Айдарсың. Бүгіннен бастап әрі қарай жалғастырсаң, даусың кең диапазонды әндерге жетеді. Сондықтан өзіңді аяма, сонда халық сені төріне шығарудан шаршамайды", - деді Жанар Айжанова.
https://kaz.nur.kz