Түрік телехикаясы сияқты: Нұрболат Абдуллиннің жаңа бейнебаяны көпшілікке ұнап қалды (видео)
Әнші Нұрболат Абдуллин жаңа әніне бейнебаян түсіріп, көпшілікті тартымды әнімен баурады. Бейнебаянды тамашалаған тыңдармандары жоғары баға беріп, көңілінен шыққанын аңғартты. Алайда мұрт қойған әнші көптің сынына ілікті, деп жазады Stan.kz.
Нұрболлат Абдуллин «Тағы да вальс» әніне бейнебаян түсірді. Ырғақты әуен көпшіліктің жүрегіне бірден жол тапты.Өз кезегінде әншінің тыңдармандары бейнебаянның түріктің телехикаяларын еске салатынын жазып жатты. Сондай-ақ, Нұрболатты түріктің танымал актері Бурак Озчивитке, ал бейнебандағы аруды Неслихан Атагюлге ұқсатты.
Сонымен қатар желі қолданушыларының дені Нұрболатқа мұрт жараспайтынын, өзін «кәрі» етіп көрсететінін айтып жатыр.
«Тамаша, әдемі шығыпты. Нұрболатқа мұрт жараспайды екен», «Əлгі қызды Неслихан Атагюл ма деп қалдым ғой. Ерекше дүние жасағысы келген ғой. Әртүрлі образға сөз жоқ, керемет. Көшеде вальс билегендері ерекше. Нуреке ағама мұрт үйлеспейтін сияқты ма деп қоямын. Немесе түріктің жігіттеріне ұқсағысы келген болуы керек. Бейнебаян ұнады», «Мұрт кәрі қылып тұр. Керегі жоқ еді», «Негізі мұртсыз әлдеқайда жақсы сияқты. Ал ән жақсы, құлаққа жағымды», – деп жазды пікір қалдырушылар.
Айта кетсек, бейнебаян бір күнде 36 мыңнан аса қаралым жинаған.
http://stan.kz