» » » Елден сөз естіген Нұрболат Абдуллин көпшіліктің көзінше мұртын алып тастады

Елден сөз естіген Нұрболат Абдуллин көпшіліктің көзінше мұртын алып тастады


Таяуда сыртқы келбетіне өзгеріс енгізген әнші Нұрболат Абдуллин тыңдармандар сынына ұшыраған болатын. Аяқ астынан мұрт қойып алған хитменге көпшілік жағымсыз пікірлерін жаудырған. Әсіресе, Нұрболатты әйгілі түрік актері Бурак Озчивитпен салыстыратындар көбейген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Бұл орайда сырттан естіген сөз Нұрболаттың шамына тисе керек, әнші мұртын алып тастауды жөн көрген. Алайда бір қызығы, Нұрболат жуыну бөлмесінде жасалатын бұл процедураны көпшіліктің назарына ұсынған. Ол қырыну сәтін видеоға түсіріп, оны желідегі парақшасына жүктеген-ді.
“Маған да оңай емес. Мұрт ешкімге ұнамайды. Біресе Бурак, біресе шал дейді. Амал жоқ енді, Нұрбуллин қайтып оралады. Көпшілікпен санасайын, халқыма сенейін, бірдеңе болар енді. Бұл мұртты осы Бакуда қалдырдым, не болса, о болсын”, – дейді ол.
Бұл орайда желі қолданушылары Нұрболаттың мұртсыз әлдеқайда жас көрінетінін айтып, қуанып жатыр.

[media=jаvascript:;]

http://stan.kz
19 маусым 2018 ж. 1 728 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30